Тейлор Свифт, Шахмат, Алаяқ. 7 желтоқсанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 07 Желтоқсан, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Time журналы америкалық әнші Тейлор Свифті «Жыл адамы» деп таныды.

Бұл атаққа биыл Владимир Путин, Қытай басшысы Си Цзиньпин де үміткер болған.

33 жастағы әнші «Грэмми» сыйлығын 12-рет иеленіп, American Music Awards сыйлығында 40-рет топ жарған. Тейлор Свифттің концерті АҚШ-тағы туризмді дамытып, елдің ЖІӨ-нің бір бөлігіне айналды.

“Бұл марапат мемлекет басшылары мен индустрия алыптарына жиі бұйыратын”, — деп атап өтті Time бас редакторы Сэм Джейкобс.

Қазіргі уақытта Тейлор Свифттің қаражаты 1 миллиард 125 миллион долларға бағаланып отыр (520 миллиард теңгеден астам – ред.). Сонымен қатар Forbes Тейлорды әлемдегі ең беделді әйелдер рейтингіне қосқан еді.

Биыл 305 миллион доллар пайда тапқан өнер иесінің кезекті жеңісі!🔥

2️⃣ Қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертілді.

Киберпол қазіргі уақытта интернет-алаяқтық деректері жиілеп кеткенін хабарлайды, жәбірленушілер атынан Whatsapp мессенджеріндегі аккаунтты пайдаланып, олар қолжетімді барлық контактіге әртүрлі сылтаулармен ақша жіберуді сұрайтын мәтінді жіберіп, үшінші адамдардың жалған шоттарын көрсетеді.

«Күдіктілер зиян сілтеме арқылы Whatsapp аккаунтына қолжеткізе алатыны белгілі болды. Осыған байланысты, Алматы полициясы азаматтарды, әдетте, ұтыс ойыны, балаларға дауыс беру, кез келген тақырып бойынша сауалнама және т.б. түрінде таралатын күмәнді сілтемелерді баспауды және олардың сайтына кірмеуді, сондай-ақ жеке деректерді енгізбеуді ескертеді және шақырады», – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Абай болыңыздар!📌

3️⃣ Зейнеп Сұлтанбек Батыс Азия шахмат чемпионатының абсолютті чемпионы атанды.

Сүйінші хабарды Қазақстан шахмат федерациясы жеткізді.

Түркістан облысының шахматшысы жылдам шахмат чемпионатында қарсыластарынан басымдығын көрсетіп, кейін классикалық турнирде жеңіске жетті.

Ал финалда блицте үздік атанды. Нәтижесінде – үш алтын медаль!
Ұлдар сайысында Қазақстан намысын астаналық шахматшы Алишер Мажкенов қорғады.

Классикалық турнирде Алишер соңғы раундта жеңіске дәлдеді, бірақ, өкінішке орай, үш жеңімпазға бір ұпай ғана есе жіберіп, жетінші орынға жайғасты, мұны сәтсіздік деуге болмайды.

Қазақстандық шахматшы блицте төртінші орынға ие болды.

Құтты болсын!😍👍