Кеш жарық, құрметті қыздар мен жігіттер! Бүгінгі күн жақсы жаңалыққа толы болды.
Ендеше назарларыңа ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз.✔️
1️⃣ Димаш Құдайберген «Omir» атты жаңа бейнебаянын таныстырды.
«Omir – Димаш Құдайбергеннің терең де әсерлі композиторлық туындысы. Бұл әнде әнші өзімен іштей монолог жүргізіп, өмір туралы сыр шертеді», — деп жазылған хабарламада.
Бәсең түстердегі бейнебаян MOOD VIDEO жанрында түсірілген, деп хабарлады Димаштың командасының өкілдері.
Клиптің сюжеті қарапайым – туған күнінде әнші көрермендермен бірге проектор қосулы бөлмеге кіріп, өмірінің ең жарқын сәттерін тамашалайды: алаңсыз балалық шақ, музыкалық байқаулар, олардың ішінде аты аңызға айналған «Жас Қанат» байқауы, «I am Singer» байқауындағы көптен күткен жеңіс, оның сүйікті Dears өкілдері, қызықты адамдармен кездесу және ұмытылмас концерттер.
Осы кадрларды тамашалап отырып Димаш пен көрермен әр сәтті қайтадан бастан кешіріп жатқандай сезімде болады.
Жанкүйерлеріне арнаған сөзінде әнші Omir әнінің әрбір сөзі мен әуені оның ішкі жан дүниесінен шыққанын, әнді жаңа жетістіктерге жетелейтін жанкүйерлеріне арнайтынын айтты.
Бейнебаянды тамашаладың ба?😍
2️⃣ «Тіл-Қазына» орталығы қазақ тіліндегі мәтінді дыбысқа айналдыратын Telegram-бот әзірледі.
«Microsoft Azure интеграциясы арқылы Telegram-бот қазақ тілінде жазылған мәтінді жоғары деңгейде дыбысқа айналдырып, түрлендіре алады. Бұл қазақ тіліндегі кітаптарды, жаңалықтар мен мақалаларды, оқу материалдарын және басқа да мәтіндерді әр түрлі жағдайда пайдалануға мүмкіндік туғызады. Осыған орай, пайдаланушылар аталған ботты өз контактілеріне қосып, оған бірден қазақ тіліндегі мәтінді жіберу арқылы жаңа функционалды қолдана алады. Ботты Телеграмм каналында @kztts_bot атауы арқылы табуға болады. Бот мәтінді жылдам әрі сапалы дыбыстап, пайдаланушыға аудиофайлды кез-келген уақытта тыңдай алатындай етіп қайта жолдайды. Қазіргі уақытта бот Айгүл мен Дәулеттің дауысы арқылы дыбысталады», — деп жазды Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Фейсбук желісінде.
Керемет! 🔥👍
3️⃣ Мектепте ақша жинағаны үшін 10 АЕК айыппұл салынуы мүмкін.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептерде түрлі себеппен қаражат жинау мәселесі туралы пікір білдірді.
«Мектептерде қажетсіз шараларға ақша жинауға шектеу қою туралы біздің министрліктің бұйрығы шыққан. Жеке өзім мектеп директоры болып істегенімде осы үрдісті тоқтатқанмын, одан еш проблема көрген жоқпын. Ата-аналар ренжіп, қаржы жинағысы келді, шектеу қойған соң мектеп ұжымы да, ата-аналар да көндікті», — деді министр Үкімет отырысынан кейінгі кулуарда.
Бұл ұсынысқа қалай қарайсың?