Температура, Демалыс, Олимпиада. 24 маусымның топ жаңалықтары

Автор: редактор 24 июня, 2024


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Алдағы күндері елімізде ауа температурасы 46 градусқа дейін көтеріледі.

Zakon.kz тілшісі синоптиктерден Қазақстан тұрғындарын алдағы үш күнде – 2024 жылғы 25 маусым мен 27 маусым аралығында қандай ауа райы күтіп тұрғанын білді.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республикаға аптап ыстық болады.

«Жақын күндері Иран аймақтарынан Қазақстан аумағына жылы ауа массалары ене бастайды. 25-26 маусымда еліміздің батыс және солтүстік облыстарында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр күтілетініне қарамастан, 27 маусымға қарай аптап ыстық республиканың солтүстігіне де жетеді. Қазақстанның солтүстігінде күндізгі ауа температурасы +35+38°С, оңтүстігінде өте қатты ыстық +40+46°C дейін көтеріледі», — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың 24 маусымында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланған.

Абай болыңыздар!🙌🏻

2️⃣ Елордалық оқушылар мен студенттердің жазғы демалысы ұзартылуы мүмкін.

Астана қаласының оқушылары мен студенттері үшін оқу жылының басталу уақыты V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының өткізілуіне байланысты шегерілуі мүмкін.

Вице-министрдің айтуынша, қазір Оқу-ағарту министрлігімен және Ғылым және жоғары білім министрлігімен келіссөздер жүргізілуде.
«Бұл арада екі жағдайдың нұсқасы бар: біз не Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарындағы мектептерді онлайн оқыту форматына ауыстырамыз немесе оқу кезеңінің басталу уақытын Астана бойынша шегеріміз. Біз мәселені қазір қызу талқылап жатырмыз, келесі аптада нақты шешім қабылдауымыз керек», – деді Серік Жарасбаев.

Ол Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдарын жабу әлі жоспарламағанын айтты. Алайда, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу кезінде көлік қозғалысы кептелісі болмас үшін спорт нысандарына арнайы шаттл автобустар қатынайтын болады. Сонымен қатар, жарыстың басталу уақыты таңғы 9:00-ден 11:00-ге ауыстырылды.

Айта кетсек, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтеді. Бұл — этникалық спорт түрлері бойынша ең ірі халықаралық спорт жарысы.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының өткізілуіне байланысты шегерілуі мүмкін екен.📌

3️⃣ Парижге баратын қазақстандық Олимпиада тарихында қалады.

Амир Закиров Будапештте өткен іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша Париж ойындарына жолдама алды. Ол финалға дейін жетіп, ақтық сында Нидерланд өкілінен жол берді. Осылайша, екінші орынмен қатар олимпиадалық квотасына ие болды. Үшінші орынды Оңтүстік Корея спортшысы еншіледі.

Екі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Амир 71 ұпай жинады. Шанхайда ол 15-орын алған. Жалпы есепте қазақстандық спортшы алтыншы орыннан көрінген.

Елдің намысын Амир Закиров қорғайды. Спортшымызға сәттілік тілейміз!👏🏻