Теннис, ҰБТ, АҚШ. 6 мамырдың топ жаңалықтары

Автор: редактор 06 мая, 2024


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды.

“Тестілеудің өзі 16 мамырда басталып, 5 шілдеге дейін жалғасады. Дегенмен төтенше жағдай режимі жарияланған 6 өңірде (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) тіркелу уақыты ұзартылады және 6-20 мамыр аралығында, ҰБТ 25 мамыр мен 12 шілде аралығында өткізіледі», — делінген хабарламада.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімі бойынша 2024 жылы талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады.
ҰБТ-ға қатысу үшін Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайты немесе UTO қосымшасы арқылы тіркелуге болады. Талапкерлер тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдайды. Бұл ретте олар екі мүмкіндік үшін бейіндік пәндердің бір ғана комбинациясын белгілейді.

Негізгі ҰБТ-ға өтініш 6-14 мамыр аралығында қабылданады.📌

2️⃣ Қазақстандық жас теннисшілер Албаниядағы жарыста жеңімпаз атанды. Бұл туралы ҚазАқпарат мәлімдеді.

Қазақстандықтар Линара Бөлешева мен Медина Өтепберген Албанияда 16 жасқа дейінгілер арасында өткен Tennis Europe турнирінде жеңімпаз атанды.

Қазақстандық жас теннисшілер жұптық сында финалда италиялықтар Иецца — Маффиді тартысты матчта 6:2, 4:6, 10:2 есебімен тізе бүктірді.

Жекелей сында Линара финалға дейін жетіп, онда жарыстың 6-ракеткасы, түркиялық Сера Хасанбасоглуға жол берді — 3:6, 3:6.

Линараның белгілі футболшы, кезінде Қазақстан құрамасында доп тепкен Әлібек Бөлешевтің қызы екендігі мәлім.
Тунисте ITF Juniors J60 сериясы бойынша дода аяқталды. Тағы бір қазақстандық Зара Дәркен жұптық сында финалға дейін жетті.

Сондай-ақ жекелей сында жартылай финалда ойнауы тиіс болатын.

Құтты болсын!

3️⃣ АҚШ азаматы Қазақстаннан ата-анасының 80 жыл бұрынғы құжаттарын тапты.

Қызылорда облысының полицейлері АҚШ азаматына Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қазақстанда тұрған ата-анасының архивтегі құжаттарын табуға көмектесті.

Америкалық Джефф Шайнгольд Қызылорда облысының полиция департаментіне әкесі туралы мәлімет сұрап жүгінді. Оның әкесі Тереңөзек ауданында тұрған (қазіргі Сырдария) және 1943 жылы қуғын-сүргін кезінде қамауға алынған, ұлты еврей.

Полиция мұрағатында ұлының өтініші бойынша жан-жақты іздеу жұмыстары жүргізілді.

Ер адам ата-анасы1942 жылы Қазақстанда Ұлы Отан соғысы кезінде тұрғанын 2022 жылы білгенін атап өтті.

«Олар Польшадан нацистерден қашқан. Бізде сот хаттамасынан басқа мәліметтер болған жоқ. Іздеу нәтижесінде мұрағатта 80 жылға жуық сақталған құжаттар табылды. Олар менің ата-анам мен №6 ауылда жерленген ағама қатысты құжаттар. Полицейлердің арқасында біз олардың 1942 жылдан 1946 жылға дейін өмірлерінен біршама мағлұмат алдық», – дейді Джефф Шайнгольд.

Қазақстанға келген шетелдік ерлі-зайыпты ата-анасы ғұмыр кешкен қазақ жеріне және ағасы жерленген зиратқа барып, тағзым етті.

Қызылордалық полицейлер жарады!👍