Кеш жарық, құрметті қыздар мен жігіттер! Бүгінгі күн жақсы жаңалыққа толы болды.
Ендеше назарларыңа ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз.✔️
1️⃣ Қазақстан теннисші қыздары үздік үштікке енді.
Championat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Ресей елінен сегіз теннисші: Дарья Касаткина, Анастасия Павлюченкова, Анастасия Потапова, Камилла Рахимова, Анна Блинкова, Элина Аванесян, Екатерина Алекссндрова және 16 жастағы Мирра Андреева үшінші айналымға жолдама алды.
АҚШ-тан алты спортшы бар, олардың арасында әлемнің үшінші және алтыншы ракеткалары Джессика Пегула мен Кори Гауфты айтуға болады.
Қазақстаннан үшінші айналымда екі теннисші өнер көрсетеді. Елена Рыбакина ертең испаниялық Сара Соррибес-Тормомен, Юлия Путинцева бүгін америкалық Слоан Стивенспен ойнайды.
Ролан Гаррос турнирінде осындай нәтиже көрсетті👏🏻😍
2️⃣ Қазақстанда 11 млн адам Instagram желісін, ал 7 млн халық TikTok қосымшасын қолданады.
Бұл туралы inform.kz мәлімдеді.
Интернет пайдаланушылар жарнама контентін арнайы белгімен таңбалауға міндеттелуі мүмкін.
Бұл туралы Мәжіліс депутаттарына «Онлайн платформалар мен онлайн жарнама» туралы» заң жобасын таныстырған Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Қайнар Ахетов мәлім етті.
«Біріншіден, тұжырымдамалық ақпаратты өзектендіру. Бұл жерде әлеуметтік желілердің субъектілеріне және сол саладағы бірнеше терминге нақты анықтамалар, түсініктемелер беріледі. Екіншіден, онлайн платформа иелеріне қойылатын талаптарды қарастыру. Яғни, қазақ тіліндегі контентті модерациялау, монетизациялау, онтерфейсті қазақ тіліне аудару мәселелері. Үшіншіден, интернеттегі жарнама саласын экономикалық тұрғыда қарастыру. Төртіншіден, мазмұнға қойылатын талаптар. Енді бұл заң жобасын бірінші кезекте қазақстандықтардың құқықтары мен бостандықтарын толыққанды іске асыруға онлайн платформалардағы тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз етуге өз ықпалын береді деп есептейміз. Сондай-ақ, жарнама контентін орналастыратын пайдаланушылардың жарнаманы таңбалау қажеттілігіне ерекше мән беріледі», — деді ол.
Оның айтуынша, бүгінде 12 млн қазақстандық құрылғымен интернетке қол жеткізе алады.
«Интернеттің енуі — 85,9 пайыз. Қазақстандағы 13 млн 800 мың адам әлеуметтік желі пайдаланушысы болады. Бұл — Қазақстан халқының 70 пайызынан астам. Facebook желісінде 2 млн 300 мың адам, Instagram-да 11 млн 75 мың адам, TikTok-та 7 млн 26 мың қолданушы бар деген мәлімет жүр», — деді министрлік өкілі.
Ал сіз instagram және TikToк қосымшасында отырасыз ба?🤔
3️⃣ Ақтөбеде 16 жастағы мектеп оқушысы өзенге батып бара жатқан досына алғашқы медициналық көмек көрсету арқылы өлімнен арашалап қалды.
Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы ауданындағы Елек өзеніне бір топ бала суға шомылған. Оның ішінде 15 жастағы бала жағаға шыға алмай, жанында тұрғандарды көмекке шақырып, айқайлады. Ал өзен жағасының екінші бетінде тұрған 16 жастағы Қолқанат Баққұл еш ойланбастан жүзіп барып, замандасын құтқарып қалды. Тіпті жүрегіне массаж жасап, алғашқы медициналық көмек те көрсетті. Ол №13 орта мектеп оқушысы.
«Қолқанат өзінің шапшаңдығының арқасында өзенде есінен танып қалқып бара жатқан 15 жастағы баланы жағаға алып шығып, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, құтқарып қалады. Қазіргі таңда зардап шеккен баланың жағдайы тұрақты. Ол медицина қызметкерлеріне табысталды»,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Батыл азамат екен!