Терроризм, Көмек,Терроризм. 29 наурыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 29 Наурыз, 2024


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Ұлттық банк футболдан Еуропа чемпионатына арналған монеталарды айналымға шығарды.

Қазақстан Ұлттық банкі «Спорт» сериясынан UEFA EURO 2024TM коллекциялық монеталары айналымға шығарылатынын хабарлады.

Монеталар футболдан Еуропа чемпионатына арналған коллекциялық монеталарды шығаруға UEFA ресми лицензиясының иегері MDM Münzhandelsgesellschaft mbH & Co. KG Deutsche Münze (MDM) неміс нумизматикалық компаниясымен әріптестік негізде дайындалды.

«Монетадағы футбол добы шарын бейнелейді. Допта чемпионат матчтары өтетін қалалар белгіленген Германия картасының контуры бейнеленген. Доптың сыртында турнирдің финалдық бөлігіндегі командалардың санын білдіретін 24 жұлдыз бар», – деп жазылған ұлттық банктің хабарламасында.

Монеталар күмістен дайындалған, сынамасы – 925/1000. Мұнда жоғары бедер мен алтын жалатуда жаңа технология қолданылып отыр. Монета массасы – 20 грамм, диаметрі – 32 мм, дайындау сапасы – proof және anti-proof. Монетаның номиналы – 100 теңге, жалпы таралымы – 2 500 дана. Қазақстанның ішкі нарығы үшін монета таралымы – 1 500 дана, сыртқы нарық үшін (жоба серіктесі – MDM нумизматикалық компаниясы) – 1 000 дана.

Керемет👍🔥

2️⃣ Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккен халыққа әлеуметтік көмек көрсетіле бастады.

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов төтенше жағдай режимі жарияланған өңірлердегі су тасқынына қарсы іс-шаралар жөнінде Арқалық қаласында жедел штаб отырысын өткізді.

Барлық зардап шеккен халыққа әлеуметтік көмек көрсету басталды.

«Зардап шеккендердің барлығына жедел түрде әлеуметтік көмек көрсету қажет. Халық күтіп отырмауы үшін бүгін барлық үйлерді аралаңыз!» – деп тапсырды Құмар Ақсақалов.

29 наурыз жағдай бойынша барлық үш өңірде залалды өтеу жөніндегі аудандық комиссиялар құрылып, құрамына барлық қажетті уәкілетті органдар кірді. Шығынды өтеу бағалау жүргізілгеннен кейін заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын болады. Барлық үш аудан үшін бағалаушы болып белгіленген «Стелла» ЖШС-мен келісім-шарт қол қою кезеңінде тұр.
Шығынды жергілікті бюджет есебінен өтеу үшін зардап шеккендерден өтініштерді қабылдау жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, су тасқынынан неғұрлым көп зардап шеккен «Қызыл жұлдыз» ауылының тұрғындарынан 185 өтініш жиналды. Оларға демеушілік және қайырымдылық көмек есебінен отбасының әрбір мүшесіне 100 мың теңге, барлығы 18 500 мың теңге сомасында жедел көмек көрсету туралы шешім қабылданды.
Жергілікті атқарушы органдар халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Облыс басшылығы халыққа келтірілген залалды өтеу мәселелері жөнінде кездесулер өткізді.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!🤲🏻

3️⃣ Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізеді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 29 – 30 наурызда Астанада адамдар көп жиналатын объектілерде терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізуді жоспарлап отыр.

Комитеттің мәліметінше, іс-шара шеңберінде ҰҚК арнаулы мақсаттағы бөлімшелерінің дағдылары мен тактикалық іс-қимылдарын қалалық жағдайларда пысықтау көзделеді.

Соңғы жағдайларды ескерсек, бұл ел үшін маңызды болып тұр📌