TikTok, Азия олимпиадасы, Қазақстан паспорты. 3-ші маусымның топ жаңалықтары

Автор: редактор 03 июня, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің 🔝-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Tik Tok компаниясының делегациясы Қазақстанға келді. Осы тұста, сыртқы істер министрлігі TikTok компаниясына Қазақстанда өкілдігін ашуды ұсынды.

Естеріңе сала кетейік, TikTok халықаралық нұсқасы 2018 жылы іске қосылды. Бүгінде бұл платформада ай сайын әлем бойынша пайдаланатын миллиард қолданушысы бар.

Қазақстанда өкілдігін ашуды құптайсың ба?

2️⃣ Қазақстандық оқушылар физика пәнінен ХХІІ Азия олимпиадасында 5 медаль жеңіп алып, үздік үштікке енді.

Ұлттық құрама қоржынында 1 күміс және 4 қола медаль бар.

Ел намысын әлемдік аренада Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Атырау және Ақтөбе қалаларынан 10-11 сыныптардың 8 оқушысы қорғады.

Құттықтаймыз!👍

3️⃣ Қазақстан паспортын енді Түркияда 80 күннің орнына 30 күн ішінде ресімдеуге болады. Нақтырақ айтсақ, Қазақстанның Анкара, Ыстанбұл және Анталья қалаларындағы шетелдік мекемелеріне жүгінген жандарға осындай мүмкіндік қарастырылып отыр.