Титул, Қария,Кубок. 4 қазанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 04 октября, 2024


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутқа түсіріп, чемпиондық титулдарын сәтті қорғап шықты

Ол қарсыласын 9-раундта нокаутқа жіберді.

Әлімханұлы мен Михайлович орта салмақта IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атақтарын сарапқа салды.

Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы кәсіби мансабындағы он алтыншы жекпе-жегін жеңіспен аяқтап, IBF және WBO титулдарын сәтті қорғады.

Әлімханұлы манчсап жолында тұңғыш рет Австралияда бокстасып жатыр.

Айта кетейік, WBO/IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) бүгінгі жекпе-жегінде WBO әлем чемпионы титулын қорғайтыны хабарланған еді.

WBO ұйымы жекпе-жекке бір күн қалғанда, Жәнібек-Михайлович айқасында қазақстандық боксшыға WBO титулын қорғауға ордер берді.

Кәсіпқой боксшымыз жаңазеландиялық Андрей Михайловичті жеңді 👍

2️⃣ Түркістандық 74 жастағы қария 45 келілік бөрене көтеріп, көпті өзіне қаратты

Түркістанда “Өнерлі өлке” облыстық өнер фестивалі аясындағы Ордабасы ауданының мәдениет күндері жалғасып жатыр. Этноауылда ұлттық құндылықтар насихатталып, спорт түрлерінен сайыс өткізілді. Іс-шараны тамашалауға келген түркістандық 74 жастағы қария 45 келілік бөренені он рет көтеріп, дүйім жұртты таңғалдырды.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мәдени шарада бұдан өзге арқан тарту, қазақша күрес, қол күрес, асық ату, қошқар көтеру, ләңгі тебу секілді ұлттық ойындар дәріптелді. Белсене атсалысып, жеңіп шыққан қатысушылар марапатталды.
Шара барысында ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік салаларының көрсеткіші мен өнімдерінен және “Ордабасы тартулары” атты ұлттық тағам көрмесі, қолөнер шеберлерінің көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.

Ал “Темірлан” халық театры мен “Жас толқын” балалар мен жасөспірімдер театры Алтыбақан маңында “Ақ сүйек” театрландырылған қойылымын паш етті.
Ордабасы аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған “Ордабасы” фольклорлық халық ансамблінің әуезді әндері мен дала сарынына айналған күйлері рухани-мәдени шараның сәнін келтірді.

Қариямыздың күші сарқылмасын!🔥

3️⃣ Қазақстандық спортшы Әмір Маймұратов құзға өрмелеуден Сеулдегі әлем кубогында 2-орын алды

Қазақстандық спортшы Сеулдегі турнирде үздіктер қатарынан көрініп, күміс жүлдені еншіледі. Бұл туралы kazclimbingInstagram парақшасы хабарлады.

Отандасымыз іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, 6-орынға табан тіреді. Осылайша Әмір 1/8 финалға жолдама алды. Ол алғашқы айналымда Тайланд спортшысын қапы қалдырса, 1/4 финалда 2023 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы АҚШ спортшысын жеңді.

Ал, 1/2 финалда әлем чемпионы Маттео Цурлониден басым түсті. Шешуші сында Маймұратов Қытайдан келген қарсыласына есе жіберіп, 2-орынға ие болды.
Қазақстандық спортшының аталған турнирдегі ең үздік көрсеткіші – 5,1 секунд.

Құтты болсын!👏🏻