Тоқаев, Ата-аналар күні, Кредит. 1 маусымның топ жаңалықтары

Автор: редактор 01 Маусым, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Тоқаевқа хат жазған 1-сынып оқушысының арманы орындалды.

Халықаралық балалар күніне орай «Ақорда» резиденциясына ұйымдастырылған экскурсияға 1-сынып оқушысы Асылтас Саяділ арнайы шақырылып, ғимаратты аралап көрді.

Жақында Астана қаласының кішкентай тұрғыны Ақорданы аралап көргісі келетінін айтып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына хат жазған.

Асылтас Саяділ есімді бүлдіршін Ақорда ғимаратын аралап шықты!🤲🏻🔥

2️⃣ Қазақстандықтар өз атына кредит рәсімдеуге тыйым сала алады.

Қазақстан азаматтарына кредит алуға тыйым салуға мүмкіндік беретін заң жобасын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі дайындап жатыр. Бұл туралы ведомствоның Ержан Бейсенбаевтың депутаттық сауалына берген жауабында айтылған.
Халықты алаяқтық әрекеттен қорғауды көздейтін өзгерістер азаматтардың банктік қарыздармен микрокредиттерден ерікті түрде бас тарту құқығын бекітеді.

📌Бұл сервис «электронды үкіметтің» веб-порталында және «eGov Mobile» мобильді қосымшасында іске асырылады.

Жеке тұлғаның кредит тарихында несиеден ерікті түрде бас тарту туралы белгі болса, банктер мен микроқаржы ұйымдарына кредит беруге жеке тыйым салынады.

Ал егер өзіне тыйым салған адамға кредит берілсе, ол кредит бойынша міндеттемеден босатылады.
Ведомствоның мәліметінше, заңнамалық түзетулер қаржы нарығына қатысушылармен келісіліп қойған,қазір мүдделі мемлекеттік органдармен келісу рәсімі өтіп жатыр.

3️⃣ Қазақстанда енді «Аналар күні» мен «Әкелер күні» аталып өтеді.

Тиісті түзетулер мереке күндерінің күнтізбесін бекіту туралы қаулыға енгізілді. Құжатқа премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің хабарлауынша, «Аналар күні» мамырдың екінші жексенбісінде, ал «Әкелер күні» маусымның үшінші жексенбісінде аталып өтеді.

Аналар күні мен әкелер күні әлемнің көптеген елінде отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы институтын нығайту және тәрбиелеу үшін аталып өтеді.

Екі жаңа мереке пайда болып жатыр😍