Тоқаев, Мамандықтар, Әскери борыш. 16-шы қарашаның топ жаңалықтары

Автор: редактор 16 Қараша, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Тоқаев Ұлыбритания, Германия, Корея және АҚШ университеттерінің филиалы ашылатынын жариялады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Ұлыбритания, Германия, Канада, Нидерланд, Оңтүстік Корея және АҚШ университеттерінің филиалдары ашылатынын мәлімдеді.

Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

«Менің тапсырмам бойынша шетелдік жетекші университеттермен академиялық ынтымақтастық нығайып келеді. Еліміздің түрлі қаласындағы отандық жоғары оқу орындары базасында ресейлік бірнеше ірі университеттің филиалдары ашылды. Ал Петропавл қаласындағы Kozybayev University оқу орнында 175 студент Аризона университетінің бағдарламасымен білім ала бастады. Жуырда Қазақстанда Ұлыбритания, Германия, Канада, Нидерланд, Оңтүстік Корея және АҚШ жоғары оқу орындарының филиалдары ашылады», – деді Тоқаев.

Жастар үшін керемет мүмкіндік болайын деп тұр!😍😍😍

2️⃣ Алдағы он жылда нарықтағы 60%-ға жуық мамандыққа қажеттілік болмай қалуы мүмкін.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дүниежүзілік экономикалық форум болжамдарына сәйкес, 10 жылдан кейін 60 пайызға жуық мамандықтар трансформацияға ұшырайды, иә болмаса істен шығады. Тиісінше, олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін мамандардың қосымша құзыретттіліктерін алу қажеттілігі өте жоғары. Осыған байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өмір бойы білім алу тұжырымдамасы әзірленді. Тұжырымдамада көзделген шаралар көптеген білім алу жолдары арқылы, формальды емес оқыту арқылы да, жаңа білім мен құзыреттіліктерді алуға мүмкіндік береді. Тұжырымдаманы жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік білім беру стандартында микроквалификация білім алу нәтижелерін қабылдау жоспарланған», – деп тоқталды вице-министр.

Осыған байланысты өмір бойы білім алу міндеттелуі мүмкін📌

3️⃣ Әскери борышын өтегендерді еліміздің 50 университеті тегін оқытуға ниетті.

Олар ҰБТ нәтижесінсіз, өз есебінен оқытатынын айтты.

«Қазіргі уақытта ҚР Қорғаныс министрлігі 50-ге жуық университетпен келісім жасасты. Оқу орындары мерзімді әскери қызметін атқарғандарды қолдауға және оларды университет есебінен оқуға мүмкіндік беруге ниет білдірді. Тізім өзгеруі мүмкін. Тағы да бұл ұсынысқа қосылуға ниетті университеттер болуы мүмкін», – деп мәлімдеді Қуаныш Ерғалиев.

Әскерге баратындар қатары енді көбейетін шығар😉🔥