Қасым Хан, Алтын белгі, визасыз Мальдив. 10-шы мамырдың топ жаңалықтары

Автор: редактор 10 мая, 2022


📌 Алматыда Қасым ханның алып суреті салынды. Арт-жоба Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының тапсырысы бойынша «Ұлы дала таңы» фильмінің прокатқа шығуына орай салынды.

🎞 Ақан Сатаевтың жетекшілігімен түсірілген аталмыш фильм 12 мамырдан бастап жарыққа шығады.

Киноны көруге кеңес береміз✔️

📌 Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау ережелеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрыққа қол қойды.

Нақтырақ айтсақ, «Алтын белгі» төсбелгісін алу талаптары айтарлықтай күшейтілді.

Енгізілген өзгерістерге келісесің бе? 🤔

📌 Қазақстан мен Мальдив визасыз режим туралы келісімге қол қойды.

Енді Қазақстан мен Мальдив аумағына 30 күннен аспайтын мерзімге келуге және онда болуға мүмкіндік бар.