Базар Әшімұлы, Ақтау — Лондог халықаралық рейсі, Жәнібек Әлімханұлы . 27-ші сәуірдің топ жаңалықтары

Автор: редактор 27 апреля, 2022


🟢 📰 Моңғолиядағы қандастарымыз Базар Әшімұлы мен Аягүл Тілейханқызы моңғолиялық Forbes журналының «30-ға дейінгі 30» рейтингіне енді.

Базар Әшімұлы «Хэруга партнерс» компаниясының негізін қалаушы, ал Аягүл Тілейханқызы «CallPro» компаниясының атқарушы директоры.

Қандастарымызды құттықтаймыз!👏🏻

🟢 ✈️ 12 мамырдан бастап Ақтау — Лондон халықаралық рейсі ашылады.

Air Astana мәліметінше, осы бағыт бойынша рейс аптасына екі рет — бейсенбі және сенбі күндері ұшады.

🟢 🥊 Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы 21 мамыр күні Лас Вегаста британдық Дэнни Дингумге қарсы жекпе-жек өткізеді.

Бұл кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегі болмақ. Ол ESPN арнасында көрсетіледі.

Жеңіс кімге бұйырады деп ойлайсың?)