IT мектеп, Азамат Дәулетбеков, Тайсон Фьюри. 24 сәуірдің топ жаңалықтары

Автор: редактор 24 апреля, 2022


1️⃣ 🏢 Қостанайда тұңғыш халықаралық IT мектеп ашылды.

IT мектеп – Lerna халықаралық IT жобасы негізінде жасалды. Мұнда студенттерге оффлайн және онлайн бағытта оқуға мүмкіндік бар. Аталмыш оқу орнында IT және Digital саласындағы заманауи мамандықтар бойынша оқыту жоспарлануда.

IT мектепте білім алғың келе ме?)

2️⃣ 🤼 Қазақстан спортшысы Азамат Дәулетбеков еркін күрестен Азия чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды.

Спортшымызды жеңісімен құттықтаймыз!👏🏻

3️⃣ 🥊 Бокстан әлем чемпионы Тайсон Фьюри карьерасын аяқтайтынын жеткізді.

Бұл туралы ол Лондондағы «Уэмбли» стадионында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде отандасы Диллиан Уайтты жеңгеннен кейін айтты.

Естеріңе сала кетейік, Тайсон кәсіби карьерасында 33 жекпе-жек өткізіп, 32 мәрте жеңіске жеткен.