ҰБТ, Олимпиада, Жаңа оқу жылы. 21-ші сәуірдің топ жаңалықтары

Автор: редактор 21 апреля, 2022


🔲 ҰБТ-ға дайындалу үшін тегін сынақ тестілеуі іске қосылды. ✔️

Тестті орталықтың сайтынан онлайн режимде тапсыруға болады. Сынаққа алдымен ЖСН енгізіп, кейін бейіндік пәндер комбинациясын таңдап қатыса аласың.

Толық ақпарат: https://prob-ent.testcenter.kz/#/login

Тегін сынақ тестілеуін тапсырып үлгердің бе? Нәтижесімен бөлісе отыр👇🏻

🔲 Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биыл халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне үлкен жеңілдік берілетінін мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, мұндай жеңілдіктер халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына ғана емес, дүниежүзілік шығармашылық конкурстар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздарына да беріледі.

Сенің қандай жетістіктерің бар?

🔲 Жаңа оқу жылында барлық мектептің дәретханасы ғимарат ішінде болады.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Қазіргі таңда республикада 7500 мектеп жұмыс істейді. Оның ішінде даладағы дәретхана мәселесі бойынша 50 мектепте бар.