Шавкат Рахмонов, Грант, «Болашақ» бағдарламасы. 19-шы сәуірдің топ жаңалықтары

Автор: редактор 19 апреля, 2022


1️⃣ 👊 Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов UFC ұйымымен жаңа келісімшартқа отырды. Бұл туралы ол Twitter әлеуметтік желісінде хабарлады. Келісімшарт бойынша бірнеше жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Алайда оның шарттары мен қаржылай жағы әзірге белгісіз. Рахманов келесі жекпе-жегін 25 маусымда американдық Нил Магниге қарсы өткізеді.

2️⃣ 📚 Биыл жоғары оқу орындарына берілетін білім грантының саны 73 мыңға дейін артады. Осылайша жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің басым көпшілігі мемлекет есебінен тегін оқу мүмкіндігін алады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

3️⃣ 🏫 ” Болашақ” бағдарламасының тізіміне 40 жаңа мамандық қосылды Бұл тізім еңбек нарығының трендтерін талдау нәтижесінде толықтырылды. Нақтырақ айтсақ, инновациялар, жаңа технологиялар, медицина және индустриялық инженерия, жаратылыстану ғылымдары саласы бойынша мамандықтар енді. Сен қандай мамандықты таңдап жатсың?🤔