Шығарма, Тарихи сериал, Мұхтар Әуезов. 18-ші сәуірдің топ жаңалықтары

Автор: редактор 18 апреля, 2022


1️⃣ Mecenat.kz сайтында Қазақстан туралы ең үздік көркем шығарма және роман жұмыстарын жинақтау басталды.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін байқауға кез келген қазақстандық қатыса алады. Жеңімпаздардың жеке есеп-шотына ай сайын 500 доллар көлемінде рента түсіп тұрады.

Байқау шарты:

— қатысу тегін;
— жұмыстар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады;
— оқырмандардың дауыс беруіне байланысты жеңімпаздар анықталады.

📌Байқауға қатысқың келсе немесе дауыс беру үшін mecenat.kz сайтына тіркелуің қажет.

2️⃣ 📽 Qazaqstan телеарнасы тарихи сериалдарға кастинг жариялайды.

Басты және қосалқы рольдерді сомдау үшін кастингке актерлық қабілеті бар кез келген жастағы адам қатыса алады.

Qazaqstan телеарнасы 2022 жылы бірнеше тарихи сериал түсіруді жоспарлап отыр. Атап айтатын болсақ, тізімде композитор әрі домбырашы Дина Нұрпейісова, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев және әдебиеттанушы, академик Әлкей Марғұланға арналған сериалдар бар.

Кастингке қатысу үшін өтінімді casting@qazaqstan.tv электрондық поштасына 15 мамырға дейін жіберу қажет.

Кастингке қатысуға арналған өтінім формасы:

* Аты-жөні, байланыс телефоны;
* Бойыңыз, түр-әлпетіңіз анық көрсетілген суреттер;
* Сомдағыңыз келген тұлғаның бейнесіне ұқсас суретіңіз;
* Сомдағыңыз келетін тұлғаның образын видеоға түсіру (хронометраж 1 минут).

✔️ Ендеше сен де бағыңды сынап көр!

3️⃣ Мұхтар Әуезовтің мерейтойына орай «Қилы заман» повесі бойынша телехикая түсіріледі.

Жазушының 125 жылдық мерейтойын тойлауға сәйкес биыл 4 бағыт бойынша 82 іс-шара ұйымдастырылады. Мектеп оқушыларына «Әуезовтану » бейнедәрістері әзірленіп, әдеби подкасттар жасалады. Сонымен қатар халықаралық театр фестивалі өткізіліп, «Ақан-Зайра» трагедиясы алғаш рет сахналанады.

📔 “Қилы заман” повесін оқыдың ба?