Нартай фильмі, Шайбалы хоккей, Баспана мәселесі. 16-шы сәуірдің топ жаңалықтары

Автор: редактор 16 апреля, 2022


1️⃣ 🎞 Гүлнар Сәрсенованың «Нартай» фильмі жуырда экранға шығады. Бұл трагикомедияның премьерасы 5 мамыр көпшілікке ұсынылады.

📽 Фильмде 1991 жылы Германия мен Қазақстанда болған оқиғалар суреттеледі. Нақтырақ айтсақ, таспа Владимир Куниннің «Мариенплацтағы орыстар» атты танымал романына негізделген.

«Нартай» фильміндегі басты рольдерді Шарифбек Закиров, Григорий Чабан және Анна Старченко сомдады.

📺 Фильмді міндетті түрде көруге кеңес береміз✔️

2️⃣ 🏒 Шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасында болған әлем чемпионатында қазақстандықтар екінші мәрте жеңіске қол жеткізді.

Естеріңе сала кетсек, қазақстандық хоккейшілер бірінші дивизионда А тобында сынға түсіп жатыр.

Олардың қарсыласы — Норвегия, Дания, Словакия, Франция және Жапония.

🤔 Сен спортшыларымыздың ойынын тамашаладың ба?

3️⃣ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілердің баспана мәселесін шешуге бағытталған заңға қол қойды. Енді, тұрғын үй бойынша жақсы жаңалықтар орын алады.

Толық ақпаратты Ақорданың ресми сайтынан оқи аласыңдар.