1️⃣ 📚 Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептер мен университеттерде тарих пәнін оқытуда өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
📰 Аймағамбетовтың пікірінше, Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы оқулықтары енді еліміздің барлық мектебі үшін бірыңғай және базалық болады. Сонымен қатар жоғары оқу орындарында қазіргі «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының» орнына «Қазақстан тарихы» пәні оқытылады.
2️⃣ 🧑🏻✈️👩🏻✈️ Биыл 7-9 мамыр Қазақстанда әскери шеру болмайды. Қорғаныс министрі бұл жағдайдың себебін түсіндірді.
Нақтырақ айтсақ, 2022 жылы бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында және басқа да мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты әскери парад өткізу жоспарланбаған.
3️⃣ 🏃🏻♀️🏃🏻17 сәуір Алматы жартылай марафонының өтуіне байланысты бірқатар жол жабылады.
🚦 Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Мұстафин көшесінен Навои көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс 16 сәуір күнгі сағат 23:00-ден 17 сәуір күнгі сағат 13:00-ге дейін жабық болады. Ал оңтүстік жағы сағат 7:20-дан 8:20-ға дейін жабық болады.
🚦Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Мұстафин көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағат 7:00-ден 11:30-ға дейін жабық болады. Оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.
🚦 Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағындағы Шашкин көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі жол бөлігі сағат 3: 00 – ден 11:30-ға дейін жабық.
🚦Сейфуллин даңғылындағы әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол бөлігі сағат 7: 30 – дан 10:00-ге дейін жабық.
🚦Абай даңғылының оңтүстік жағындағы Саин көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі жол бөлігі 7: 20 – дан 13:00-ге дейін жабық.
🚦Саин көшесінің шығыс жағындағы әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол бөлігі сағат 7:00-ден 11: 30-ға дейін жабық болады.
Ал сен марафонға қатысасың ба?🤔