Топ-3 жаңалық

Автор: редактор 14 апреля, 2022


1️⃣ Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейдің 8-сынып оқушысы Ярослава Кравчук NASA-ның білім беру грантын жеңіп алды.😍

Ол кометалар мен астероидтар топырағынан сутегі отынын өндіруге арналған шағын KANYSH ғарыш аппаратының жобасын әзірледі. Талантты оқушы қыздың өнертабысы NASA мамандары тарапынан жоғары бағаланып, оны ғарыш орталығына тағылымдамадан өтуге шақырды.

Жарайсың, Ярослава Кравчук!👏🏻

2️⃣ 📽 “Globalcinemaclub” киностудиясы “90-жылдардағы дискотека” атты комедиялық фильмге кезекті кастингін жариялайды!

💃🏻🕺 Кастингке 25-45 жас аралығындағы әйелдер мен ер адамдар қатыса алады.

Қатысуға ниет білдірген жандар төменде көрсетілген телефон номеріне хабарласып, толық ақпарат алуына болады .

АЛМАТЫ
📞+7 747 607 08 74 (WhatsApp)

3️⃣ 📱Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, IT-компанияларға бірқатар жеңілдік беруді ұсынды.

Атап айтатын болсақ, ІТ-мамандарының әскери қызметін кейінге қалдыру және IT-шешімдерді енгізу үшін жеңілдік несиесін беру туралы ұсыныстар айтылды. ✔️

Ал сен тағы қандай жеңілдіктер болғанын қалайсың? 🤔