Топ-3 жаңалық

Автор: редактор 13 апреля, 2022


1️⃣ ITeachMe6.0 жастар лагеріне қатысу үшін өтінім қабылдау басталды. Бұл жобаға мүгедектігі бар және мүгедіктігі жоқ жастарға еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша дағдыларды тегін алуға мүмкіндік береді. Іріктеу турына 17-39 жас аралығындағы ҚР-ның азаматтары қатыса алады.

Толығырақ ақпаратты қордың ресми сайтында алуға болады: https://iteachme.kz

2️⃣ Қазақстанда биыл Жеңіс күніне орай әскери парад өтпейді. Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлады.

Министрліктің айтуынша, олар Ұлы Отан соғысының және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлерін құрметтеу жөніндегі шаралар өткізеді.

3️⃣ Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің 2022-2026 жылдарға арналған грантына қосымша 883,8 млн теңге бөлінуі мүмкін.

Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Нариман Еламанов бюджетті нақтылау кезінде осындай ұсыныс айтты.