Чуркин, Таниева, Азия ойындары. 6-шы мамырдың топ жаңалықтары

Автор: редактор 06 мая, 2022


1️⃣ 🏋🏻‍♂️ Қазақстандық Алексей Чуркин Грекияда өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдені жеңіп алды.

18 жастағы жас спортшы 73 келі салмақта өнер көрсетті.

2️⃣ 🏆Ал Елжан Таниева көркем гимнастикадан ҚР чемпионы атанды.

Естеріңе сала кетейік, Елордада көркем гимнастикадан спорт шеберлері арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды.

Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз! 👏🏻

3️⃣ 2022 жылғы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия ойындары кейінге шегерілді.

Бұл жайлы Азия Олимпиада Кеңесінің ресми сайтында белгілі болды. ХІХ Азия ойындары жоспар бойынша 10-25 қыркүйек аралығында өтуі тиіс еді.