Топ-3 жаңалық

Автор: редактор 12 апреля, 2022


1️⃣ Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп түлектері кешін өткізудің нұсқаулығы әзірленіп жатқанын мәлімдеді.

Бұған дейін министр биыл мектептерде соңғы қоңырау дәстүрлі форматта өтетінін айтқан болатын.

Ал сендердің түлектер кешіне дайындықтарың қалай?😍

2️⃣ Өзбекстанда қазақстандық жоғары оқу орындарының филиалдары ашылады.

Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының өкілдерімен бірге жұмыс сапарымен Өзбекстанға барды. Мұнда ол Өзбекстан Республикасының инновациялық даму министрі Иброхим Абдурахмоновпен екі елдің ғылым, технология және инновация саласындағы бірлескен ғылыми зерттеулерді дамыту жөніндегі ынтымақтастығын талқылады.

3️⃣ 🎞 Режиссер Ақан Сатаевтың Қасым хан туралы фильмі кинотеатрларда 12 мамырдан бастап көрсетіледі.

Тарихи туындының алғашқы ресми трейлері жарық көрді. Көркем фильмде ханның адамгершілігі мен әскери қабілеті, көшбасшылығы айқын көрініс тапқан.

Сендерге де көруге кеңес береміз.👏🏻