Топ-3 жаңалық

Автор: редактор 09 апреля, 2022


1️⃣ 🇺🇸 АҚШ киноакадемиясы Уилл Смитке «Оскар» сыйлығын табыстау рәсімінде болған оқиғаға байланысты жаза қолданды. Енді актер он жыл бойы «Оскар» марапаттау рәсіміне және осы ұйымның басқа да іс-шараларына қатыса алмайды.

Еске сала кетейік, Уилл Смит жүрізуші – әзілқой Крис Рокқа жұдырық сілтеді. Комик Смиттің әйелі туралы орынсыз қалжың айтқан болатын.

Ал сен бұл шешімге келісесің бе? 🤔

2️⃣ 2022 жылдың соңына дейін Алматыда 15 мыңнан астам үй жануары тегін чиптеледі. 🐶

Алматы әкімдігі қаңғыбас жануарлардың санын реттеудің 2021-2024 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша осындай шешімге келді.

3️⃣ Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы жұптық сында Португалияда өткен 14 жасқа дейінгілер супер санатты Tennis Europe турнирінің финалына шықты. 😍

Спортшымызды кезекті жеңісімен құттықтаймыз!👏🏻

4️⃣ Құтты болсын, қыздар мен жігіттер! GGG Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) Жапонияда өткен кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаң иесі Риота Муратаны (16-2-1, 13 КО) жеңді. 9 раундтқа созылған жекпе-жекте отандасымыз қарсыласынан басым түсті. Геннадий Головкин бұл жеңісінің арқасында WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық титулдардың иесі атанып отыр!