Топ-3 жаңалық

Автор: редактор 07 апреля, 2022


1️⃣ Биыл колледждерде білім алу үшін гранттар саны 45 мыңға артты. Нақтырақ айтсақ, 125 мың грант бөлінеді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі хабарлады. 📣

2025 жылға қарай сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледжде білім алу 100% тегін болады.

Ал жоғары оқу орындарына берілетін гранттар 75 мыңға дейін ұлғаяды. Оның ішінде техникалық және ІТ салаларға гранттар 60%-ға дейін өседі.

Сен қандай мамандықты таңдайсың?

2️⃣ Саунд-продюсер Иманбек Зейкенов Rahmet World Tour атты әлемдік тур өткізетінін жариялады. Концерт Еуропа мен Америка қалаларында өтеді. 😍

Бірінші шоу биыл 8 сәуірде Нью-Йоркте болады. Әзірге 24 концерт туралы ақпарат жарияланды. Тур 25 қыркүйекке дейін жалғасады.

3️⃣ Қазақстанда алғашқы OYLA ғылыми-көпшілік журналының ұжымы өз жұмыстарын тоқтататынын хабарлады. 📰Редакция бұл шешімді Қазақстан экономикасының жай-күйіне, пандемияның әсеріне және Ресейге қатысты санкцияларға байланысты қабылдағанын айтты.

Естеріңе сала кетейік, журнал орта және жоғарғы сынып оқушылары мен білімге құштар ересектерге арналған. Оның ішінде жаратылыстану, гуманитарлық, тіл ғылымдары бағытындағы және жалпы танымдық мақалалалар мен ғалымдардың ашқан жаңалықтары жарияланып келді.