Топ-3 жаңалық

Автор: редактор 05 апреля, 2022


1️⃣ Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Қазақстан IELTS нәтижелері бойынша Корея, Қытай, Жапония, Өзбекстаннан алда екенін алға тартты. 👏🏻

Қазақстандықтар тілдік дағдылар бөлінісінде тыңдау және сөйлеу бойынша орташа есеппен әрбір бөлімдегі 30 ең жоғары балдан 22 балл, оқу және жазу бойынша 21 балл жинайды.

Ал сен IELTS тапсырдың ба? Неше балл жинадың?

2️⃣ Паражүзуден қазақстандық спортшы Алина Синельникова Азия рекордын орнатты. 🏆

Әлем кубогі кезеңінде Алина Синельникова 400 метр қашықтыққа еркін жүзуден күміс жүлдені иеленді. 200 метрге кеудемен жүзуде Алина 3.20.54 нәтижесімен Азия рекордын орнатты.

3️⃣ «Игра в кальмара» телехикаясының режиссері әрі сценарисі Хван Дон Хек сериалдың жаңа маусымы 2024 жылдың аяғында шығуы мүмкін екенін айтты. 😍

Режиссердің айтуынша, әзірге сценарийдің тек үш парағы жазылған.

«Игра в кальмара» телехикаясын қарап шықтың ба? Жаңа маусымнан не күтесің?