Топ-3 жаңалық

Автор: редактор 04 апреля, 2022


1️⃣ Орта салмақтағы IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBA Super титулының иегері Риота Муратаның жекпе-жегі тікелей эфирде Qazaqstan және Qazsport арналарынан көрсетіледі.

🥊 Жекпе-жек 9 сәуір күні сағат 15.00 (астана уақытымен) Жапонияның Сайтама қаласында өтеді.

Жеңіске кім жетеді деп ойлайсың?

2️⃣ Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мемлекеттік білім беру гранттары бойынша ауыл квотасының 35 пайызға өсетінін мәлімдеді. Нақтырақ айтсақ, квота тағы 5 пайызға өседі.

Жас түлектерге арналған жақсы мүмкіндік екен!👏🏻

3️⃣ Лас-Вегаста 64-ші Грэмми марапаттау рәсімі аяқталды. Осы тұста, Джон Батист марапаттар санына байланысты бірінші орынға шығып, бес категория бойынша жеңіске жетті.

🏆 Ал Silk Sonic рэп-дуэті «Leave The Door Open» әнімен «Жыл әні» аталымы бойынша Грэмми музыкалық сыйлығын жеңіп алды.

Ал сен Бруно Марс және Андерсон Паактың аталмыш әнін тыңдадың ба?😍