Топ-3 жаңалық

Автор: редактор 02 апреля, 2022


1️⃣ Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов болашағы зор үш саланы атады. Олар: мұғалім, инженер және ғылым саласы.

Сонымен қатар министр биылғы мектеп түлектеріне болашақ мамандықты жинаған балл көлеміне немесе басқа бір факторларға байланысты болмау керек екенін ескертті.

Ал сен қандай мамандықты таңдап жатсың? 🤔

2️⃣ Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры ЮНИСЕФ пен Жастар қызметкерлері қауымдастығы ұйымдастыруымен “Шекарасыз ұрпақ” жастар челленджіне іріктеу басталды. Бұл әлемнің 30 астам елінің командалары қатысатын, жастардың идеялары мен жобалары арасындағы жаһандық конкурс. Челленджге 14-24 жас аралығындағы жастар қатыса алады.

Толық ақпаратты https://jashome.org/ru/ сілтемесінен біле аласың.

3️⃣ Қазақстандық Григорий Ломакин теннистен жұптық сында Колумбиядағы Перейра челленджер турнирінің финалына шықты.

Ломакин мен Приходько шешуші бәсекеде венесуэлалық Луис Мартинес – колумбиялық Кристиан Родригеспен бас жүлде үшін таласады. Финал елорда уақытымен сағат 00.00-де басталады.

Спортшымызды қолдауға дайынсың ба?