Топ-3 жаңалық

Автор: редактор 29 марта, 2022


1️⃣ Қазақстандық спортшымыз Анастасия Городко фристайл-могулдан жастар арасында әлем чемпионы атанды.

Бұл Анастасия Городконың аталған әлем біріншілігіндегі үшінші медалі. 16 жастағы спортшымыз осыған дейін қыздар арасында жекелей сайыс пен аралас санаты бойынша қос күміс жүлдені иеленген болатын.

Анастасия Городконы жеңісімен құттықтаймыз!👏🏻

2️⃣ Білім және ғылым министрлігі төртінші тоқсандағы оқу тәртібін жариялады.📌

Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Кәрімованің айтуынша, төртінші тоқсан штаттық форматта басталады. Оқушылар бұрынғыдай толығымен кабинеттік оқу режиміне ауысады.

Сонымен қатар маскалық режим, әлеуметтік дистанция және Ashyq жүйесі бойынша талаптар болмайды.

Ал сенің төртінші тоқсанға дайындығың қалай?

3️⃣ Қапшағай қаласына Дінмұхамед Қонаев есімі берілетін болды. Үкімет бұл ұсынысты қабылдады. Енді жақын арада Алматы облысының әкімдігіне тиісті құжат жіберіледі.

Тағы қай қаланың атауы өзгергенін қалайсың?