Топ-3 жаңалық

Автор: редактор 24 марта, 2022


📌Kinopark және Kinoplexx желісінің басшысы Алмаз Малдыбаев 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап кинотеатрлардың жабылмайтынын мәлімдеді. Ол сәуір-мамыр айларында көрсетілімге шығатын жаңа фильмдердің бар екенін атап өтті. 🎞

Оның айтуынша, экранға 24 наурызда шығуға тиіс болған «Морбиус» фильмі 31 наурызға шегерілді. Сонымен қатар көрермендер күтіп жүрген Marvel-дің «Доктор Стрэндж» фильмі де көрсетілетінін хабарлады. 🎥

📌 “Болашақ” бағдарламасына үміткерлерді қабылдау мерзімі белгілі болды. 📜 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі бұйрығы бойынша:

— Үміткерлердің құжаттары 2022 жылғы 2 мамырдан 7 қазанға дейін қабылданады.

— Байқау 2022 жылдың 16 мамырынан 30 қарашасына дейін өтеді.

— «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқуға арналған мәндес мамандықтар тізбесін бекіту жоспарланып жатыр.

Толық ақпаратты мына сілтеме👉🏼 https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14040752 бойынша біле аласың.

📌 Білім және ғылым министрлігі алғаш рет университеттер мен колледждер студенттері арасында «BILIM Hackathon 2022» IT байқауын өткізеді.

Бас жүлде иегерлері 1,5 миллион теңге алады. Екінші орынның жүлде қоры – 1 миллион теңге, үшінші орын – 500 мың теңге. Сонымен қатар жеңімпаздар, яғни студенттер марапаттан бөлек, жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болатынын хабарлады.