Топ-3 жаңалық

Автор: редактор 18 марта, 2022


Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров балалар құқығын қорғау туралы заң жобасы аясында әлеуметтік желілерді бұғаттауға қатысты алыпқашпа әңгімелерге жауап берді. Оның айтуынша, интернет желілерін ешкім бұғаттамайды.

Еске сала кетейік, өткен аптада мәжілісте балалар құқықтарын қорғау туралы заң жобасы мақұлданды. Негізгі мақсаты – әлеуметтік желідегі кибербулингпен күрес.

Жобаны қолдайсың ба?

Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне 14 мыңнан астам оқушы қатысады. Олимпиаданың облыстық кезеңі 24 наурызда басталып, 30 наурызға дейін жалғасады.

Сен бұл тізімде барсың ба?

Қазақстан құрамасы Байдарка және Каноэ есуден Азия чемпионатына қатысады. Сары құрлық біріншілігі 24-27 наурыз аралығына жоспарланған.