Топ-3 жаңалық

Автор: редактор 17 марта, 2022


Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Риота Муратамен (16-2, 13 КО) өтуі керек жекпе-жекке қатысты қиындықтарды айтты. Енді кездесу 9 сәуірде Сайтамада (Жапония) өтетін болды.

Наурыз мейрамында кей қалаларда автобус тегін жүреді.

Атап айтатын болсақ, Атырау мен Өскемен қаласында 22 наурыз күні қоғамдық көліктер тегін жүреді. Бұл туралы Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі мен Өскемен қалалық Жолаушылар тасымалын басқару орталығы мәлім етті.

Садақ атудан Қазақстан құрамасы Азия кубогінің финалына шықты. Олар шешуші кезеңде Үндістан құрамасымен кездеседі.