Топ-3 жаңалық

Автор: редактор 16 марта, 2022


1️⃣ Енді Қазақстанның оқу орындарында бағыт-бағдар беріп отыратын “профориентолог” мамандар жұмысын бастайды. Себебі бұл мамандық қазіргі уақытта сұранысқа ие.

Олар мектеп бітіретін түлектерге жақсы мамандық таңдап, грантқа түсуге көмектеседі. Сонымен қатар студенттер мен ересектерге жұмысқа орналасуы бойынша әрі мансаптық өсуіне қатысты кеңестер бере алады.

Егер сен де қандай маман болып, қай мамандыққа түсетініңді білмесең, профориентологтың көмегіне жүгіне аласың! ✅

2️⃣ Қазақстандық оқушылар көктемгі каникулда 12 күн демалады. Демалыс 2022 жылғы 19 наурыздан басталып, 30 наурызды қоса алғанда 12 күнге созылады. Сонда еліміздегі мектеп оқушылары 19-30 наурыз аралығында демалады.

Демалысқа байланысты жоспар құрдың ба? 🤔

3️⃣Қазақстан ағылшын тілін меңгеру бойынша әлемдік аутсайдерлердің бірі. Швейцарияда орналасқан Education First
халықаралық білім беру ұйымы жүргізген зерттеуге сәйкес, ағылшын тілін меңгеру деңгейі бойынша дүниежүзі елдерінің рейтингінде Қазақстан 112 ел ішінде 96-шы орында тұр.

Ал сен ағылшын тілінен қай деңгейдесің?