Топ-3 жаңалық

Автор: редактор 15 марта, 2022


🟢 Қазақстандықтар Украинаға гуманитарлық көмек көрсетуін жалғастырып жатыр.

Нақтырақ айтсақ, Оралдық еріктілер Украинаға гуманитарлық көмек жинағын ұйымдастырды. Ал Алматыдан көмек ретінде дәрі-дәрмек тиелген ұшақ жөнелтілді.

🟢 Қазақстандық гимнастар Грекияда өткен “Афродита кубогы” халықаралық турнирінде бес медаль жеңіп алды.

Гимнастарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!

🟢 «Жасыл» және «сары» аймақтарда орналасқан білім беру ұйымдарында коронавирус шектеулері алынды. Сонымен қатар, күн сайынғы «кіру» сүзгісіне қойылатын талаптар да жойылды.