Топ-3 жаңалық

Автор: редактор 12 Наурыз, 2022


🥊 Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы титулы үшін британдық Дэнни Дигнуммен айқасатын болды.

Жеңіс кімге бұйырады деп ойлайсың?

🏆 Қазақстандық 46 оқушы халықаралық “Жібек жолы” олимпиадасында жүлдегер атанды. Олимпиада нәтижесі бойынша 8 оқушы І дәрежелі, 14 оқушы ІІ дәрежелі, ал 24 оқушы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!

🏫 11 наурыз күні Талдықорған қаласындағы №4 орта мектепте мұғалімге дауыс көтеріп, балағат сөздер айтқан 9 сынып оқушысы әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болды. Айта кетін тағы бір жайт, кәмелетке толмаған балалардың іс-әрекеті үшін ата-анасының жауапкершілігі де қарастырылған.

Осы жағдайға байланысты оқушының ата-анасына қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Ал сен мұғалімдерге танытқан сыйластығыңа қандай баға бересің?