Топ-3 жаңалық

Автор: редактор 11 Наурыз, 2022


Қыздар мен жігіттер, бүгін бірқатар жақсы жаңалық болды! Ендеше сен де ТОП-3 жаңалыққа көз жүргіртіп шық!

🟢 Қазақстан студенттері «Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасы бойынша Венгрияның жоғары оқу орындарында тегін оқи алады.

«Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасы қазақстандықтарға келесі бағдарлама тізімі бойынша 250 грант береді:

* Бакалавриат бағдарламасы бойынша – 110 орын;
* Магистратура бағдарламасы бойынша – 90 орын;
* Бакалавриат+магистратура бағдарламасы бойынша – 30 орын;
* Докторантура бағдарламасы бойынша – 20 орын.

Сенің шетелде білім алғың келе ме?

🟢 Азия федерациясы президентінің кубогында қазақстандық таеквондошы Жансель Дениз алтын медаль жеңіп алды. Бұл Жансельдің Ирандағы үшінші медалі.

Спортшымызды жеңісімен құттықтаймыз!

🟢 Қазақстандық режиссер Болат Қалымбетов түсірген “Мұқағали” көркем фильмі Үндістанда наурыздың 18-25 аралығында өтетін 26-шы Халықаралық Керала кинофестивалінің “Әлемдік кино” бағдарламасы шеңберінде көрсетіледі.😍

Сен бұл фильмді тамашалай алдың ба? Егер көрмесең, қарап шығуға кеңес береміз😊