Топ-3 жаңалық

Автор: редактор 10 февраля, 2022


Бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығы✅

📍 25 наурызда Алматыда МТК Қазақстан промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен бокс кеші өтеді. Мұнда қазақстандық боксшы Рай Сейітжанов (9-0, 6 КО) әлем чемпионы атағы үшін ешқашан жеңіліп көрмеген мексикалық Хосе Макиас Энрикеспен (15-0, 7 КО) жұдырықтасады. Олар жартылай орта салмақта жасөспірімдер арасындағы WBO чемпиондық титулына таласады.

Жеңіске кім жетеді деп ойлайсың?

📍 Енді шәкіртақы студенттердің тікелей шотына аударылады. Нақтырақ айтсақ, осыған дейінгі ЖОО-ға аударатын жүйе болмайды.

📍 Иорданияның астанасы Амманда өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының 22 боксшысы жартылай финалға шықты. Бұл нәтиже қола жүлдеге кепілдік береді.

Боксшыларымызға сәттілік тілейміз!