Топ-3 жаңалық

Автор: редактор 09 Наурыз, 2022


🟢 Білім және ғылым министрлігі оқушылардың мектепке телефон әкелуіне қатысты пікір білдірді.

Олар білім беру ұйымындағы сабақтарда оқушылардың ұялы телефонды пайдалануы шектелетіні, ал қалған уақытта пайдалануға құқығы бар екенін айтты.

Министрліктің пікірімен келісесің бе?

🟢 Сонымен қатар БҒМ мектеп оқушыларының демалысын қысқарту туралы ұсынысқа жауап берді.

Министрліктің хабарлауынша, мектептегі демалыстың ұзақтығы өзгеріссіз қалады. Вице-министр каникулдарды қысқарту және оқу жылын ұзарту бойынша пилоттық жобаны жүргізу үшін биылғы оқу жылын аяқтау қажет екенін атап өтті.

Сен демалысты қысқартуға байланысты не ойлайсың?

🟢 Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Қазақстанда 5G қашан қолжетімді болатынын айтты.

Оның пікірінше, жыл соңына қарай Нұрсұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында, ал 2023-2024 жылдары – облыс орталықтарында іске қосылуы мүмкін.

5G интернет байланысын сен де күтіп жүрсің бе?