Топ-3 жаңалық

Автор: редактор 08 Наурыз, 2022


✅ Бейжіңде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық парабиатлоншы Александр Герлиц 10 шақырымдық жарыста қола жүлдеге ие болды. Бұл Қазақстан қоржынындағы биылғы жылдың алғашқы медалі.

Спортшымызды жеңісімен құттықтаймыз! 👏🏻

✅ ҚР Білім және ғылым министрі Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ерлер мен әйелдер арасындағы айырмашылықтарға шағын зерттеу жасады. Зерттеу нәтижесін бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Telegram парақшасында жариялады.

1. Ғалымдарымыздың жартысынан астамы, яғни 54%-ы әйелдер.

2. Докторантурада оқитын қыздар оқуларын көбінесе диссертация қорғаумен аяқтайды. Мысалы, 2020 жылы диссертация қорғаған түлектердің 67,5%-ы қыздар болды.

3. Сондай-ақ қыздар оқу сауаттылығы (27 ұпайға) және жаратылыстану сауаттылығы бойынша (7 ұпайға) ұлдардан озып шықты. Сонымен бірге ұлдар математикадан мықты деген стереотипті «бұзды». PISA-2018 ұлдардың да, қыздардың да білімі бір деңгейде екенін көрсетті.

Қыздардың қарқыны жаман емес 😍

✅ АҚШ-тың еліміздегі бас консулы Кэролайн Сэвидж Қазақстан әйелдерін 8 наурыз мерекесімен қазақ тілінде құттықтады. Видеоны инстаграм парақшасынан көре аласыздар.

Ал сен жақындарыңды қалай құттықтадың?