Құтқарушы, Есімдер, Әлем чемпионаты. 2-ші мамырдың топ жаңалықтары

Автор: редактор 02 мая, 2022


1️⃣ Семейде жетінші сынып оқушысы Ертіске батып кете жаздаған сыныптасын құтқарып қалды.

Осылайша, 11 жастағы Руслан Омаровтың медициналық көмек көрсетуінің нәтижесінде сыныптасы аман қалды.

Ал сен алғашқы көмек жайлы білесің бе?

2️⃣ Ұлттық статистика бюросы қасиетті Рамазан айында жаңа туған нәрестелер арасында ең көп тараған есімдерді атады.

📍Қазақстанда қасиетті Рамазан айында дүниеге келген 1085 ұлға Рамазан есімі, ал 430 қызға Медина есімі қойылған.

3️⃣ 🏋🏻 Грекияда жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты 2-10 мамыр аралығында өтеді.

Мұнда ел құрамасынан қазақстандық 8 спортшы бақ сынайды.

Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!👏🏻