Топ-3 жаңалық

Автор: редактор 06 Наурыз, 2022


1️⃣ Теннистен Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының топтық кезеңіне жолдама алды.
Іріктеу кездесуінде олар Норвегия құрамасын 3:1 есебімен жеңді.

Енді Юрий Щукиннің шәкірттері қараша айында Мадридте өтетін Дэвис кубогының топтық кезеңіне қатысады.

Қазақстан құрамасып жеңістерімен құттықтаймыз!

2️⃣ 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанға бір тоннадан астам гүл импортталған. Олардың жалпы құны 8,5 миллион долларды құрайды.

Ал сен мейрамға қарсы жақындарыңа гүл алып үлгердің бе?

3️⃣ 2028 жылғы Еуропа чемпионатының өтетін жері белгілі болды.

Чемпионат Ұлыбритания мен Ирландия елдерінде өтуі мүмкін. Негізі құжат жүзінде өткізетін ел 2023 жылдың қыркүйегінде анықталады. Дереккөз мәліметі бойынша, екі ел техникалық талаптарға сай болса, ертерек хабарлайды.

Сенің ойыңша қай мемлетте өтуі мүмкін?