Топ-3 жаңалық

Автор: редактор 05 Наурыз, 2022


✔️ Дзюдодан жастар арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды. Дүбірлі додаға елімізден 459 дзюдошы қатысты. Жарыста топ жарған спортшылар Қазақстан жастар құрамасына шақырту алады. Сонымен қатар әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайды.

Чемпионатта Шығыс Қазақстан облысы көш бастап, үш алтын, бір күміс және бір қола жүлдені жеңіп алды.

Чемпионатты тамашалай алдың ба?

✔️ 2022 жылы Қазақстан мектептерінде 1326 пәндік кабинет ашылады. Бұл оқушылардың пәнді терең түсінуіне мүмкіндік береді.

✔️ Көктемгі әскери қызметке шақыру басталды. Бұл 30 маусымға дейін жалғасады. Төрт ай ішінде Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың қатарын 18-27 жас аралығындағы 17 мыңға жуық жас сарбаз толықтырады.

Ал сен әскерге баруға дайынсың ба?