Топ-3 жаңалық

Автор: редактор 04 Наурыз, 2022


1️⃣ Әр өңірде “Жаңа мамандықтар атласы” жасалады. ҚР Премьер-министрінінің орынбасары Ералы Тоғжанов өңір басшыларына осындай тапсырма берді. Бұл азаматтарға келешегі бар мамандықтарға бейімделуге мүмкіндік беретінін айтты.

Ал сен қандай жаңа мамандықтың қосылғанын қалайсың?

2️⃣ Шымкентте жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауы аяқталды. Нәтижесінде 9-11 сыныптар арасында 59 оқушы Қазақстанның жоғары оқу орындарына білім гранттарын жеңіп алды. Сонымен қатар ең үздік үш жоба АҚШ-та ISEF-2022 Дүниежүзілік ғылым және технологиялар көрмесінде ұсынылады.

Жеңімпаз оқушылардың тізімінде сен немесе таныстарың бар ма?

3️⃣ Қазақстан екіжақты келісімдер негізінде 19 мемлекетпен визасыз режим орнатты.

Сен қай мемлекетке ұшқың келеді?