Топ-3 жаңалық

Автор: редактор 02 Наурыз, 2022


🟢 Геннадий Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізетін болды. Дүбрлі дода 17 қыркүйек екінші орта салмақта өтеді деп жоспарланып отыр.

Бұл жолы кім жеңіске жетеді деп ойлайсың?

🟢 Қазақстан ғалымы Бақытжан Әлжанұлы қант диабетін емдейтін жасуша ойлап тапты. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі хабарлады. Зерттеуге сәйкес, бұл жасушаларды трансплантациялау ұйқы безіне инсулин өндіруге ғана емес, оның денедегі деңгейін реттеуге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта науқас пациенттердің безіне трансплантациялау жоспарланып отыр.

🟢 Атырау облысында жастар саясаты мәселелеріне 224 миллион теңге бөлінген.

Облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Қанат Әзмұхановтың өңір тұрғындарының 133 мыңнан астамын жастар құрап отыр. Оның ішінде 74 мың адамы экономикалық белсенді санатқа жатады.