1️⃣ Қазақстан университеттерінде жаңа мамандықтар пайда болды.
⠀
Атап айтатын болсақ:
⠀
📌 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде “Нейроғылым” мамандығы ашылды.
⠀
Нейроғылым – бұл ми мен жүйке жүйесінде болатын физиологиялық үдерістерді зерттейтін пәндер жиынтығы. Осыған дейін жүйке жүйесін зерттеумен нейробиология айналысса, бүгінде нейроғылым қарқынды дамуда.
⠀
📌 Қарағанды медицина университетінде бакалавриат студенттеріне «IT- Медицина» жаңа аралық мамандығы ашылды.
⠀
Ол республика бойынша бірыңғай мамандықтар тізіліміне енгізілген.
⠀
📌 «ХАТУ» АҚ мен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде “Агрокибернетик” мамандығы ашылды.
⠀
Бұл агрожүйелер мен кешендерді цифрландыру жөніндегі мамандарды даярлау бойынша жаңа білім беру бағдарламасы.
⠀
Ал сен қандай мамандыққа түскің келеді?
⠀
2️⃣ Медицина мамандығында оқитын студенттердің шәкіртақысы 30 пайыз артады.
⠀
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, осы жылдан бастап медицина, педиатрия және стоматология мамандықтары бойынша үздіксіз интегерацияланған білім беру жүйесі енгізіледі.
⠀
3️⃣ Қазақстанда I компонентпен 9 382 851 адам вакцина қабылдады. Ал II компонент бойынша 2 594 996 адам салдырды.
⠀
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Сен вакцина салдырдың ба?