ҰБТ, Айкерім Әбілқадірова, Чемпионат. 29-шы сәуірдің топ жаңалықтары

Автор: редактор 29 апреля, 2022


1️⃣ Негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды.

Өтініш беру 14 мамырға дейін жалғасады. ҰБТ-ға қатысу үшін көрсетілген сілтеме бойынша тіркеуден өтесің (http://app.testcenter.kz). Білім министрлігінің хабарлауынша, тестілеу 16 мамырдан 5 шілдеге дейін болады.

ҰБТ-ға дайындығың қалай?)

2️⃣ 💃🏻 Қазақстандық дзюдошы және грэпплингтен әлем чемпионы Айкерім Әбілқадірова Италияда өткен «Miss Europe Continental-2022» сұлулық байқауында жеңіске жетті.

Бұл байқауға әлем бойынша 60-тан астам ару қатысқан. Айкерім Қазақстан тарихында беделді байқаудың жеңімпазы атанған бірінші адам.

Аруымызды жеңісімен құттықтаймыз! 😍👏🏻

3️⃣ 🇰🇿 🏆 Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өткен робототехника чемпионатында бас жүлдеге ие болды.

Әлем чемпионаты Хьюстонда 7-9 жас аралығындағы оқушылар арасында робототехника бойынша FIRST LEGO LEAGUE өтті.