Гүлназ Аманжолова, Мұхтар Ауезов, Грант. 28-ші сәуірдің топ жаңалықтары

Автор: редактор 28 апреля, 2022


1️⃣ ✉️ Ақтөбелік NlS оқушысы Гүлназ Аманжолова әлемнің 9 университетінен шақырту алды.

Гүлназ Назарбаев Зияткерлік мектебінде 12 сыныпты аяқтайды.

📌 Жас түлек әлемнің үздік университеттерінен шақырту алу үшін арнайы тест тапсырған. Ол SAT Reasoning емтиханында 1430 балл жинаса, IELTS орташа балы 7.5-ке тең.

Гүлназға сәттілік тілейміз! 👏🏻

2️⃣ 📚Мұхтар Әуезовтің 5 томдық шығармалар жинағы басылып шығады.

Бұл жазушының 125 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып жатыр. Биыл Әуезовтың мерейтойы халықаралық деңгейде атап өтіледі.

Мұхтар Әуезовтың шығармаларын оқып па едің?

3️⃣ 👨🏻‍⚕️👩‍⚕️Медициналық оқу гранттарының саны 5 мыңға дейін артады. Бұл жөнінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Сенат хабарлады.

Тағы қандай мамандық бойынша грант санының көбейгенін қалайсың?