Турист, Жас Қанат, Мұралар. 21 мамырдың топ жаңалықтары

Автор: редактор 21 мая, 2024


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Қазақстан туристік бағыттар бойынша әлемдік тізімде 52-ші орында тұр.

Дүниежүзілік экономикалық форум мәліметінше, саяхат пен туризмді дамыту көрсеткіші бойынша Қазақстан туристік бағыттар тізімінде 52-орынға шықты.

Қазақстан денсаулық сақтау және гигиена, баға, туризм мен саяхаттың әлеуметтік-экономикалық әсері санаттары бойынша жоғары баға алды.
Қазақстан Орта Азиядағы ең жоғары рейтингке ие елге айналды.

Ал көрші Өзбекстан елі 78-ші орында тұр.

Көш басында АҚШ тұрса, Испания екінші орынға, ал Жапония үшінші орынға жайғасқан.

Керемет!😍 Сіз еліміздің қандай көрікті жерлерінде болдыңыз?

2️⃣ “Жас қанат — 2024” байқауының қатысушылары белгілі болды.

Биыл ересектер мен балалар арасындағы байқау қатысушылары елден ерек. Байқау 6,7 және 8 маусымдаАлматыдағы Республика сарайының сахнасында өтеді.

Былтырғыдай сарайдың фойесінде «Жас қанат балалар» және «Азия дауысы» сурет көрмелері болады.
«Жас қанат – 2024» ересектер мен балалар байқауына қатысушылардың тізімі анықталды. Биыл өтінімдер былтырғыдан әлдеқайда асып кетті! «Жас қанатқа» 75, «Жас қанат. Балалар» байқауына 130 өтініш түсті. Және ол өтініштер Қазақстанның түкпір-түкпірінен келді. Іріктеу комиссиясына әр номинация бойынша үздіктерді анықтау өте қиын болғаны рас.

«Азия дауысы» қоғамдық қорының президенті Ирина Ковыряконың айтуынша, биылғы конкурсанттардыңбарлығы сайдың тасындай іріктелген. «Әр байқауда біз қызықты, ерекше орындаушыларды табамыз. Бірақ бұл жолы дарынды жастар көп болғандықтан ең лайықтысын таңдау оңайға соқпады», дейді, Ирина Ковыряко. Естеріңізге сала кетейік, «Жас қанаттың» арқасында отандық эстрадада талай жұлдыз жанған еді. Олардың қатарында Димаш Құдайберген, Медеу Арынбаев, Ерлан Көкеев, Нұрлан Абдуллин, «Үркер» тобы, Бақыт Шадаева, Жанар Дұғалова, Мәдина Сәдуақасова, Құрмаш Маханов, Сәкен Майғазиев, Гауһар Қаспақова, Алтынай Жорабаева, Жанна Орынбасарова, Нұрлан Албан, Бейбіт Қорған, Гүлнұр Оразымбетовалар болды.

Өткен жылдың басты ерекшелігі – байқауға қатысушылардың оркестрмен өнер көрсетуі – биыл да өзгеріссіз қалды! Сонымен қатар, көрнекті дирижер Александр Беляков жетекшілік ететін AlJazz эстрадалық-симфониялық оркестрі ашылу салтанатын сүйемелдейді. Биылғы жылдың басты ерекшелігі, «Жас қанат. Балалар» байқауында белгілі композитор, дирижер, өңдеуші Илья Башкатовтың жетекшілігіндегі оркестр жұмыс істемек. Өткен жылы ересектер арасындағы байқауда конкурсанттарды оркестрмен сүйемелдеген Илья Башкатов бізге берген сұхбатында осы ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін айтты. Ол «Жас қанат» көпшіліктің талғамын қалыптастыруға көмектесетін жоба деп санайды. Биыл оның оркестрінің балалармен жұмыс істеуі өте қызықты тәжірибе болмақ.

Енді бас кейіпкерлеріміз, «Жас қанат – 2024»қатысушыларымен танысайық!!!!

1. АДЕЛЬ БІРЖАНОВА, АСТАНА, 16 жас
2. КАМИЛЯ САҒЫМБАЙ, ҚАСКЕЛЕҢ, 16 жас
3. ДИЛНАЗ АМАНГЕЛДИЕВА, АҚТӨБЕ, 16 жас
4. АНДРЕЙ СЕРГЕЕВ, ТЕМІРТАУ, 24 жас
5. ЗАМАН ЕСҚАРАНОВ, ОРАЛ, 23 жас
6. ДӘУЖАС ОРАЗБЕК, ШЫМКЕНТ, 22 жас
7. ДАНА МӘЖИТОВА, АҚҚЫСТАУ, 21 жас
8. ТРИО «LADIES», АҚТАУ, құрамында: ҚАРЛЫҒАШ САДЫҚОВА, Ақтау, 23 жас, АНЭЛЬ ҚАЙЫРБЕК, Павлодар, 25 жас, АРУЖАН ҚҰСЫМОВА, Ақтау, 23 жас.
9. АСЫЛ ЖОМАРТОВ, ТАРАЗ, 24 жас
10. КӘМИЛА ТАЛҒАТОВА, ӨСКЕМЕН, 22 жас
11. АЙЛУН ЗАУШЕВА, ТАРАЗ, 16 жас
12. АЯНА ТӨЛЕНОВА, АСТАНА, 17 жас
13. ЕРМАХАН БАҒДАУЖАС, ЛИСАКОВСК, 21 жас
14. АЯКӨЗ АРАЛБАЙҚЫЗЫ, ҚЫЗЫЛОРДА, 20 жас
15. АҚНИЕТ СЕЙФУЛЛАҚЫЗЫ, ТАЛДЫҚОРҒАН, 24 жас
16. СЕРЖАН  БАБАХАН, АЛМАТЫ, 27 жас
17. МАХАМБЕТӘЛИ ӘБІЛДӘ, ПЕТРОПАВЛ, 25 жас
«Жас канат. Балалар» қатысушылары:

1.ДАВИД ЧАРЛИН,  АЛМАТЫ, 13 жас
2. ҚӘУСАР БЕКБОСЫН, ШЫМКЕНТ, 11 жас
3. СОФИЯ БАЛҒАЗИНА,  АЛМАТЫ, 13 жас
4. АЖАР ӘБДІШЕВА,  ҚАРАҒАНДЫ, 10 жас
5. ИЛАРИЯ ЛУБИНСКАЯ, СЕМЕЙ, 10 жас
6. АҢСАР АБДРАХМАН,  ҚАРАҒАНДЫ, 13 жас
7. КУАНЫШ БАЙМҰХАМБЕТОВ,  АЛМАТЫ, 11 жас
8. ТОҒЖАН АЗАТБЕК, ӨСКЕМЕН, 9 жас
9. АЗАТ СҮНДЕТБЕК, АЛМАТЫ,  13 жас
10. АЙМАУЫТ МАЙДАН,  АЛМАТЫ,  12 жас
11. ЕҢЛІК ТӘЖІБЕК,  ТЕМІРЛАН, 8 жас
12. РИАНА БАГАУТДИНОВА, АЛМАТЫ, 12 жас
13. ІНЖУ ЕСІМЖАН, ТАЛДЫҚОРҒАН, 12 жас
14. НИКОЛЬ КОМ, АСТАНА, 9 жас
15. АЙЛИН ТИМУРҚЫЗЫ,  АЛМАТЫ,  9 жас
16. МӘДИ НҰБОЛАТҰЛЫ, АЛМАТЫ, 13 жас
17. «АРМАН-АЙ» ТОБЫ, АЛМАТЫ
жетекші Айгүл Адиханова
Құрамында 5 адам:
ДАЛИДА ЕСКЕНДІР    – 10 жас
АЯНА РАХЫМХАН    – 11 жас
НҰРГЕЛДІ ПАЙЗЫКЕН   – 10 жас
ЖАНЕЛЬ ҚАБЫЖАН   – 9 жас
АҚЖАН ШАЛАБЕК    – 13 жас

Естеріңізге сала кетейік, «Жас қанат» – әлеуметтік жоба(байқау қатысушылары оған тегін қатысады) болыптабылады. Байқау Алматы қаласы әкімдігінің қамқорлығы мен қолдауымен жүзеге асуда.

Өнер жұлдыздарына сәттілік тілейміз!👏🏻

3️⃣ «Салбурын» мен «беташар» дәстүрі ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енгізілуі мүмкін.

Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде еліміздегі ең басты үш музейге ұлттық мәртебе берілетініжеткізді.

«Қазіргі заман талабына сай музей қоғам санасын жаңғыртуға зор ықпал ететін озық институтқа айналуы керек. Сол арқылы жас ұрпақ төл тарихымыз бен салт-дәстүрімізді терең танып, одан тағылым алуы қажет. Жалпы, елімізде тарихи-мәдени мұраны сақтау және молайту мақсатында ауқымды әрі үздіксіз жұмыс жүргізіліп келеді. Ұзақ жылдан бері алғаш рет жақында материалдық емес мәдени мұраның Ұлттық тізбесі айтарлықтай кеңейді.
ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне біздің «салбурын» және «беташар» сияқты ұлттық дәстүрлерімізді енгізу мәселесі пысықталып жатыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы мәдениет пен өнер адамдары тарихи үрдістің алдыңғы шебінде жүріп, сол арқылы ұлтымыздың қарқынды дамуына ықпал ететінін атап өтті.

«Сіздер өз шығармашылықтарыңыз арқылы халқымыздың бірегей болмысының жаңа қырын ашасыздар. Азаматтардың жасампаз қуатын оятасыздар. Сондықтан мемлекет шығармашылық өкілдерінің беделін арттыру үшін тиісті шараларды қабылдайды. Мәдениет және архив ісі қызметкерлерінің жалақысы айтарлықтай көбейді. Менің тапсырмаммен «Халық әртісі» және «Халық жазушысы» атағы қайта беріле бастады», – деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев халқымыз дарынды ұл-қыздарын қашанда қадірлей білгеніне назар аударып, Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетіне Күләш Байсейітованың есімін беру туралы шешім қабылдағанын жеткізді.

«Бұл – әйгілі әншіге көрсетілген зор құрмет әрі ерекше өнерімен тарихта қалған тұлғаларға ел ықыласының айрықша белгісі. Түптеп келгенде, мұны тарихи әділдікті қалпына келтіру деп түсінген жөн. Аға буынның өнердегі жолын қазіргі жастарымыз да лайықты жалғастырып келеді. Осы сабақтастықты сақтау өте маңызды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл туралы мемлекет басшысы мәлімдеді👍