Бүгін сендермен уақытты тиімді басқарудың жолдарымен бөлісеміз. Себебі тайм-менеджмент тақырыбына біраз қыз-жігіттің қызығушылығы бар екен.
✔️ Уақытты тиімді басқарудың кез келген әдісі маңызды 3 бөлімнен тұрады. Атап айтатын болсақ, бірінші — жұмыстың маңыздысын анықтау, екінші — жоспарлау, үшінші — бақылау.
🟢 Жұмыстың маңыздысын қалай анықтаймыз?
Тапсырманы орындауға кіріспес бұрын оның қаншалықты шұғыл, күрделі және маңызды екенін анықтап алған жөн. Осыдан соң әрекетке көшу жеңіл болады.
Жоспарлау. Аталмыш бөлімбе міндеттерді орындауға кірісеміз. Нақтырақ айтсақ, тапсырмалардың уақытын белгілеп, арнайы дедлайнмен жұмыс істейміз.
Қадағалау. Бұл жерде тапсырманың орындалу процессі мен нәтижесін бақылаймыз. Осылайша жұмыс өнімділігімізді арттырамыз.
🟢 Ал енді уақытты басқаруға арналған ТОП-6 қосымшаға тоқталайық.
Бұл қосымшалар тапсырмаларды уақытымен орындауға көмектеседі.
📌 Focus To-Do
Қосымшада Pomodoro таймері мен таск-менеджер бір мезетте жұмыс істейді. Яғни, мұнда уақыт 30 минутқа жоспарланған. Помодоро әдісі бойынша 25 минут тоқтаусыз жұмыс істеп, 5 минут демаласыз. Дәл осылай 4 айналым жасап отырасыз.
📌 Trello
Бұл жеке қажеттіліктер мен топтық жұмыстарға арналған канбан-тақта. Оның бір бағанына істелу керек тапсырмалар жазылады. Екінші бағанына орындап жатқан тапсырмаларыңызды белгілейсіз. Ал үшінші бағанға аяқтаған жұмыс нәтижесін көрсетесіз.
📌 Forest
Forest — телефонға арналған таймер. Тапсырманы орындауға кіріспей тұрып, таймерді қосасыз. Белгіленген уақыт аралағында телефонға қол тигізбеуіңіз қажет. Себебі экран бетінде ағаш өседі. Егер сіз оны уақыты аяқталмай жатып құлыптан босатсаңыз, ағаш өледі. Осылайша оны қайта өсіруіңізге тура келеді.
📌 Notion
Бұл кез келген жаңа ақпаратты сақтауға және оны жүйелеуге арналған мәліметтер базасы.
📌 Todoist
Жоспарлаудың әртүрлі әдісіне арналған қосымша.
📌 SingularityApp
Электронды поштадан тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беретін таск-менеджері.