Қуаныш Бейсеков, Мереке, Фанаттар.17 желтоқсанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 17 Желтоқсан, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Қуаныш Бейсеков «Ирина Кайратовна» жобасынан кетті.

«Пост сирек саламын, сол себепті осы сәтті қолданып оқырмандарымды тәуелсіздікке жеткен күнімізбен құттықтағым келіп тұр. Ұлтымызды таңдамасақ та, қазақ болып, тәуелсіздікті енді алған заманда жайдан-жай тумағанымды күннен-күнге қатты сезініп келемін.
Тағы да айтарым, мен «Ирина Кайратовна» жобасынан кеттім. Әрі қарай өзімнің Yelimai education қорым арқылы қазақ тарихы мен этнографиясын жеңіл түрде жеткізуге бел будым. Балалармен бірге бәріміз үлкен заттарды армандап, суық Астанада жұмысымызды бастап едік.
«Ирина Кайратовна» – әрдайым жүрегімде ерекше орын алатын жоба. Алдияр, Азамат, Илья, Жаслан және Ұланға үлкен рақмет, сендерсіз қайда болатынымды білмейді екенмін. Беретінімді бердім деп ойлаймын, ары қарай жаңа белестерге жол тарттым», – деді Бейсеков.

Ол бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында айтты.🤔

2️⃣ Қазақстанда жаңа екі мереке пайда болуы мүмкін.

Республикасының мерекелік даталар тізіміне енгізу туралы қаулыны әзірледі. Ол Ашық НҚА сайтында жарияланды.
Мерекелік тізіміне екі мына екі датаны енгізу ұсынылды:

28 қаңтар – Қазақстан Республикасының қаржы мониторингі органдарының күні

Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылған күні
Құжатты талқылау 28 желтоқсанға дейін жүргізіледі.

Сен бұған қалай қарайсың?😍

3️⃣ 2022 жылы Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында аргентиналық жанкүйерлердің саны 50 мың болады.

Аргентина – Франция матчі ертең, 18 желтоқсанда өтеді. Матч 88 969 көрерменге арналған «Лусаил» стадионында болады.

Game-news24.com мәліметінше, ойынға шамамен 50 000 аргентиналық жанкүйер келеді деп күтіліп отыр. Бірақ Франциядан небәрі алты мың жанкүйер келеді

Олар француздардан әлдеқайда асып түседі екен🔥

Әлем чемпионатын тамашалап жүрсің бе? 😉