Қуаныш Мағауин, || Елизавета, Студенттерге жұмыс. 17-ші маусымның топ жаңалықтары

Автор: редактор 17 Маусым, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Қазақстандық мұғалім Қуаныш Мағауин Apple компаниясының оқытушысы атанды. Мұнда ол Swift бағдарламалау тілі бойынша сабақ береді.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің педагогі Apple курстарынан өтіп, емтиханды сәтті тапсырды. Осылайша ол қазақстандық мұғалімдер арасында алғаш болып сертификат иеленді әрі бірінші болып Apple-оқытушысы атанды.

Құтты болсын! 👏🏻👏🏻👏🏻

Әлемдік арена төрінен көріне берейік! 😍

2️⃣ Нұр-Сұлтандағы гүлбақтың біріне ІІ Елизаветаның есімі берілуі мүмкін. Қазіргі уақытта қала көшелеріне атау беру бойынша тыңдалым өтіп жатыр.

Сонымен қатар тағы бір көшеге жақында дүниеден озған БАӘ президенті Халифа бен Заид әл-Нахаянның есімін беру ұсынылды.

Сен қалай ойлайсың?)🧐

3️⃣ Жаз айында қазақстандық студенттер Olx.kz сайтында жарияланған хабарландырулар арқылы жұмысқа орналаса алады. ОLX.kz – Қазақстандағы ең ірі хабарландыру сервистерінің бірі.

📌 Қосымша ақпарат алу үшін төменде көрсетілген телефон номеріне хабарласыңыз:
Евгения Рассохина
ұялы тел.: + 7 777 229 36 93
e-mail: zhenya@khalykbergen.com